Қытайдың оңтүстігін су басты

Қытайдың оңтүстігінде бірнеше күн тоқтаусыз жауған жауын-шашын салдарынан Гуанси провинциясын су басты.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қатты нөсерден соң тасыған су деңгейі 1 метрге көтерілген. Табиғат апатының кесірінен білім ұйымдары уақытша жұмысын тоқтатты. Көлік қозғалысы шектеліп, жүріп тұру қиындады. Билік жапа шеккендерді қауіпсіз орынға көшіріп, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Синоптиктер алдағы апта ішінде жауын-шашын тоқтамайтынын ескертті.