Су тасқыны: Ауғанстанда 300-ге жуық адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстігінде тасқын құрбандарының саны 300-ге жуықтады.
Тағы жүздеген адам жарақат алған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Қазір су басқан Бағлан, Тахар, Бадахшан аймақтарында ахуал күрделі. Онда көлік қозғалысы шектеліп, ауызсу, кәріз жүйесі істен шыққан. Жүздеген адамға жедел көмек қажет. Билік су астында қалған елді мекендерді қатаң бақылауға алып, тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Тасқын құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. Ал синоптиктер қолайсыз ауа райы бірнеше күн жалғасатынын ескертті.