Канадалықтар солтүстік шұғыласын тамашалады
Канадада жүздеген тұрғын солтүстік шұғыласын бақылау үшін Ванкуверге жиналды.
Табиғаттың бұл ерекше құбылысы геомагниттік дауылдың әсерінен пайда болған. Ол әсіресе Солтүстік Америка, Еуропаның кей аймақтарында анық көрінген. Ғалымдар бұл құбылысты Күннен зарядталған бөлшектер атқылап, Жер атмосферасында жарқылдың пайда болуымен байланыстырады. АҚШ-тағы ғарыштық ауа райын болжау орталығының мамандары геомагниттік дауылдың әлі бірнеше күн жалғасатынын ескертті. Айта кетейін, полярлық шұғыла соңғы рет осыдан 21 жыл бұрын бірнеше елде байқалды.