Meta компаниясына қатысты тергеу басталды
Еурокомиссия америкалық Meta компаниясына қатысты ресми тергеу бастады.
Facebook пен Instragram-ға иелік ететін технологиялық алпауыт балаларды қорғау бойынша қажетті іс-шараларды қолға алмады деп айыпталып жатыр. Әлеуметтік желілердегі алгоритм жеткіншектерде тәуелділік тудыруы мүмкін дейді. Демек бұл «Цифрлық қызметтер туралы» заңды бұзады. Қазір Еурокомиссия TikTok-қа қатысты да осындай тергеу жүргізіп жатыр. Заңды бұзғаны расталса, ол жаһандық айналымының 6 пайызына парапар айыппұл төлеуі мүмкін.