Словакия Премьер-министрі есін жиды

Словакияның оқ тиіп, ауыр жарақат алған Премьер-министрі есін жиды.

Онымен елдің жаңадан сайланған президенті Петер Пеллегрини тілдескен. Бірақ үкімет басшысы Роберт Фицо бірнеше сөйлемді әрең айтқан. Өйткені жағдайы әлі де қиын дейді дәрігерлер. Әзірге Премьер-министрдің міндетін қос орынбасары атқарады. Естеріңізге сала кетейік, Фицоға кеше саяси белсенді іші мен кеудесіне екі рет оқ атқан болатын. Оған 5 сағат бойы ота жасалды. Билік бұл шабуылдың саяси астары бар дейді. Күдікті қамауға алынған. Ол 71 жастағы жазушы болып шықты.