Әлемдегі маржандардың 60% ағарып кеткен

Әлемдегі мұхит маржандарының 60 пайызы табиғи түсін жоғалтып, ағарып кеткен.

«Бұл олардың жойылуға бет алғанын білдіреді», - дейді мамандар. Аталған зерттеуді АҚШ-тың Мұхиттар жөніндегі ұлттық әкімшілігі жүргізіп отыр. Маржандардың ағаруы климат өзгерісінің әсерінен туындаған. Жалпы дүниежүзінде маржандардың көлемі 600 мың шаршы шақырымға тең еді, 2000-жылға қарай олардың аумағы 250 мың шаршы шақырымға қысқарған. Ғалымдар ғаламдық жылыну деңгейі 2 градусқа жеткенде жер бетіндегі барлық маржандар жойылып, мұхиттардағы табиғи тепе-теңдік бұзылып, адамзат үшін үлкен экологиялық апатқа әкеледі деп алаңдайды. Мұхиттардағы тіршілік иелерінің 25 пайызы осы маржандарды мекен қылады.