Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонған

Azin Haghighi / Reuters

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда Джульфа қаласының маңына қонды.

Бұл туралы Иран басшысының тікұшақ экипажы байланысқа шығып, хабарлады. Осыған дейін ауа райының қолайсыздығынан президент тікұшағы жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Үш тікұшақтың екеуі жерге қонып, тағы бір ұшақтың қонған жері әлі іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, Ибрахим Раиси Әзербайжанға ресми сапармен бет алған екен. Иранның ақпарат агенттіктерінің мәліметіне қарағанда экипаж ішінде Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малик Рахмат және тағы бірнеше адам болған. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.