Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 151 адамға жетті
Бразилияда тасқын қаупі сейілер емес.
Табиғи апат құрбандарының саны 151-ге жетті. Риу-Гранди-ди-Сул штатында ахуал айтарлықтай күрделі. Зардап шеккен 600 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Тағы із-түссіз жоғалған 100-ден астам адам бар. Қазір соларды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті мамандар мұндай су тасқыны елде кейінгі 80 жылда болмаған деп отыр.