Иран президенті Ибрахим Раиси қаза тапты

Иран президенті Ибрахим Раиси қаза тапты

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ толықтай жанып, экипаж ішіндегілер қаза тапты.

Ресми ақпарат бойынша тікұшақ ішінде Иран президенті және Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмат және тағы бірнеше адам болған. Осыған дейін, ауа райының қолайсыздығынан президент тікұшағы апатты жағдайда Джульфа қаласының маңына қонғанын хабарлаған едік. Бұл туралы оқиға орнына бірінші болып жеткен, Қызыл Ай іздеу-құтқару тобының басшысы Пирхоссейн Коливанд мәлімдеді.