АҚШ-та туристер оққа ұшты

АҚШ-та туристер оққа ұшты

АҚШ-та жаппай атыс кезінде, 2 турист әйел жазатайым оққа ұшып, мерт болды.

Тағы 11 адам ауыр жарақат алған. Оқыс оқиға Джорджия штатындағы Саванна қаласының туристік аудандарының бірінде болды. Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын да осындай атыс болып, 2 жасөспірім көз жұмған еді. Аталған жайт бойынша, қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.