Аризона штатында бес мың гектар жер өртеніп кетті

АҚШ-тың Аризона штатында орман өртеніп жатыр.

Тілсіз жаумен 200-ден астам өрт сөндіруші кешеден бері арпалысып жатыр. Өрт бір тәуліктің ішінде 5 мың гектар жерді шарпып үлгірген. Төтенше жағдайға байланысты Тонто Ұлттық орманының жарты бөлігі уақытша жабылды. Сондай-ақ АҚШ орман қызметінің өкілдері тыныс алу, жүрек ауруларына шалдыққан науқастарға сыртқа шықпауға қатаң ескертті.