Иран 5 күн аза тұтады
Иранда президент Раисидің өліміне байланысты 5 күндік жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Бұл туралы Иран көсемі аятолла Али Хаменеи мәлімдеп, атқарушы биліктің басшысы ретінде алдағы 50 күн ішінде жаңа президент сайланатынын хабарлады.
Еске сала кетейік, кеше Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатқа ұшырап, соның салдарынан, елдің мемлекет басшысы және сыртқы істер министрі, діни жетекші Әли Але-Хашем, Шығыс Әзірбайжанның губернаторы Малик Рахмати мен тікұшақтың экипаж мүшесі қаза тапты. Бүгін Пәкістан мен Ливанда да аза тұту күні.