Газа қоқыс қалаға айналды
Газа секторы қоқыс қалашыққа айналып барады.
37 миллион тоннадай қалдық 8 айдан бері шығарылмай тұр. Оған шыбын-шіркей үймелеп, тұрғындар арасында түрлі жұқпалы ауру тарап жатыр. Ал денсаулығына қатысты шағымданғандардың бәріне ем тағайындауға қазір Газадағы медицина қауқарсыз. Өйткені дәрі-дәрмек таусылған. Ауруханалардағы ахуал адам шошырлық. Израиль гуманитарлық көмек кіретін пункттерді жауып тастағандықтан, мұндағы жағдай күннен күнге ушығып барады.