Қытай дәрігерлері адамға доңыз бауырын салды

Қытай дәрігерлері бауыр обырына шалдыққан науқасқа доңыздың генетикалық түрлендірілген бауырын салды.

Бұл туралы Аньхой медицина университеті ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады. Ақпарға қарағанда, доңыздың бауыры 71 жастағы науқасқа салынған. Мамандар оның жағдайы қалыпты, операциядан кейін денсаулығында еш өзгеріс туындаған жоқ дейді.

Айта кетейік, қытай ғалымдары доңыздан адамға ксеногендік бауыр трансплантациясын әлемде бірінші болып жасап отыр.