Бангладеште 800 мың адам қауіпсіз аумаққа көшірілді
Бангладеште «Ремаль» циклонының жақындауына байланысты бірнеше елді мекеннен 800 мың тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Метеорологтардың болжамы бойынша дүлей желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жетуі мүмкін. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Билік қауіптің алдын алу үшін ең үлкен порт Читтагонгта теңіз паромдарын уақытша тоқтатты. Әуе рейстерін кейінге шегеріп, жағалау маңына қоныстанған тұрғындар үшін 8 мыңға жуық уақытша баспана ұйымдастырды. Көмек көрсетуге 70 мың ерікті жұмылдырылған. Оңтүстік-батыс өңірлерде электр қуаты өшірілді.