Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізіле бастады

Газа секторына гуманитарлық жүк Израильдің оңтүстік бөлігі арқылы жеткізіле бастады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған Израиль күштерінің Рафах қаласындағы әскери операциясы себеп. Өйткені осыдан 3 апта бұрын Израиль күштері Мысырмен шекарадағы бақылау-өткізу бекетінің бір бөлігін басып алып, ресми Каир оны жабуға мәжбүр болған. Осыған байланысты АҚШ Мысыр тарапымен келіссөз жүргізіп, жүк көліктерін Израильдің Керем-Шалом бекетіне бағыттауға келіскен еді. Бірақ БҰҰ өкілдері айналма жол арқылы көмек алу өте қауіпті дейді. Ал Ресми Каир болса, Газа секторының бақылауы палестиналықтарға қайтарылмай, Рафах бақылау бекетін ашпаймыз деп отыр.