Францияның Лион қаласында біреу төрт адамды пышақтап кетті

Францияның Лион қаласында біреу төрт адамды пышақтап кетті

Францияның Лион қаласында белгісіз біреу метрода тұрғындарға пышақпен шабуыл жасап, 4 адам зардап шекті.

Оның екеуі ауыр халде. Қаскөй 27 жастағы марокколық азамат болып шықты. Қазір қамауға алынды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті осыдан 2 жыл бұрын ел аумағынан шеттетілуі тиіс болған. Өйткені оның бұған дейін бірнеше құқықбұзушылықтарға қатысы болғаны анықталды. Полиция "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеуді бастады.