Түркияда жол апатынан он адам көз жұмды
Түркияның Мерсин өңірінде ірі жол-көлік апаты болып, 10 жолаушы қаза тапты.
Тағы 40 адам жарақат алған. Оқиға "Тарсус - Адана - Газиантеп" бағытында таңертең болған. Cалонында 50-ге жуық жолаушысы бар қала-аралық автобусты, тізгіндеп келе жатқан жүргізуші, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі жеңіл көлікке және бір жүк көлігіне соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға тайғақ жолда басып озу ережесін сақтамау себеп болған. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.
Али Хамза Пехливан, Мерсин губернаторы:
- Диярбакырдан Аданаға, одан Анкара мен Ыстамбұлға бара жатқан жолаушылар автобусы белгісіз бір себептермен жолағын ауыстырып, қарсы жолға шығып кеткен. Ал сол кезде нөсер жауған. Өкініштісі 10 адам қаза тауып, 39 адам жарақат алды. Бұл алдын ала мәліметтер.