Оңтүстік Кореяда өртке қарсы жабдықтар көрмесі өтті

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өрт сөндіруге арналған заманауи роботтар мен дрондардың халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды 24KZ

Бірнеше күн ішінде көрмені 67 мың адам тамашалап үлгерген. 

Өрт сөндірушілерге дрондар көмекке келді. Мұндай ұшқышсыз аппарат шамамен 70 келі болатын өрт түтігін 100 метр биіктікке дейін көтере алады. Ал мына роботтарды 50 метр қашықтықтан басқаруға болады.

Пэ Тык Хи, автокөлік шығаратын компания директоры:

- Өрт орнындағы жағдайды камера арқылы бақылап, дауыстық бұйрықтарды қашықтан беруге болады. Бұл – су өткізбейтін робот. Ол адамдарды құтқаруға қабілетті. Біз оны негізінен аллеялар мен өрт сөндірушілер жете алмайтын жерлерде пайдаланамыз.

Көпқабатты үйлерде өрт шықса, тұрғындарды арнайы көтергіштердің көмегімен құтқаруға болады. Ол 550 метр биіктікке дейін көтеріліп, 250 келі салмаққа дейінгі 2 адамды құтқара алады.

Владислав Цой, тілші:

- Өрт сөндірушінің дулығасына орнатылған мына тепловизор нақты уақытта ақпарат жібере алады. Бұл өртке қарсы қызметте жылдам әрекет етуге және адамдарды құтқаруға мүмкіндік береді. Құрылғы 4 сағат бойы қуатсыз жұмыс істей алады әрі отқа төзімді материалдан жасалған. 500 градусқа дейінгі температураға шыдайды.

Ким Мун Хён, құтқару жабдықтарын шығаратын компания өкілі:

- Өрт болған жердегі кәдімгі камералар өшіріледі. Ал бұл камера дулығаға орнатылып, өрт сөндірушінің жолын көруге мүмкіндік береді. Өрт сөндірушілер осы арқылы қараңғы және түтінді бөлмелерді көре алады.

Электр көліктері өрт сөндірушілер үшін жаңа проблемаға айналды. Өйткені өрт  автокөлік тұрақта тұрғанда немесе қуаттау  кезінде тұтануы мүмкін. Көрмеде электромобильдерді сөндіруге арналған жылжымалы құрылғы  ұсынылды. Ол қашықтан басқару пульті арқылы жұмыс істейді. Орман өртін сөндіруге арналған көлік те көрсетілді. Арнаулы техника 2000 литр су сыятын ыдыспен және сорғымен жабдықталған. Көлік суды 300 метрден 1 шақырымға дейін жеткізе алады. Жаңа құрал-жабдықтардың арқасында Оңтүстік Кореяда жылдан-жылға өрт дерегі азайып келеді. Былтыр осы елде шамамен 39 мың өрт оқиғасы тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3%-ке аз. Ал тілсіз жаудан қайтыс болғандар саны 17%-ке төмендеген.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян.