Индонезия Газа секторына бітімгер әскер жіберуге дайын
Индонезия Газа секторына бітімгер әскер жіберуге дайын. Бұл туралы елдің жаңадан сайланған президенті Прабово Субианто Сингапурда қауіпсіздік бойынша өтіп жатқан конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.
Субианто 14 ақпандағы сайлауда жеңіске жетіп, Индонезияның сайлау комиссиясы оны «сайланды» деп жариялаған. Ол мемлекет басшысы міндетіне 20 қазанда кірісуге тиіс.
Прабово Субианто, Индонезияның жаңадан сайланған президенті:
- Байден ұсынған келісім жоспарын дұрыс қабылдаймыз. Бұл маңызды қадам деп ойлаймын. Біз қажетті гуманитарлық көмекті көрсетуге, қақтығысты тоқтату үшін Газа секторына бітімгер күштер жіберуге әзірміз.