Мексика тарихында алғаш рет әйел президент болуы мүмкін

Мексикада өтіп жатқан Президент сайлауында Клаудия Шейнбаум сайлаушылардың көп дауысын жинап, алға шықты, деп хабарлайды 24kz.

Экзитполға қарағанда оған сайлаушылардың 56%-і дауыс берген. Жеңіске жеткен жағдайда ол Мексика тарихында алғашқы әйел президент болмақ. Шейнбаум – басқарушы партияның кандидаты, қазіргі президент Лопес Обрадордың қорғаушысы. Халық саяси науқанда президентпен бірге 128 сенаторды, конгрестің төменгі палатасының 500 депутатын және жергілікті өзін өзі басқару органдарының 20 мыңға жуық мүшесін сайлады.