Италияда биыл да температуралық рекорд тіркелуі мүмкін

Италияда күн ысып, ауа температурасы 32 градусқа жетті, деп хабарлайды 24kz.

Аптап ыстыққа Африкадан келген антициклон себеп. Былтыр Еуропаның бірқатар елінде, соның ішінде осы Италияда температуралық рекорд тіркелген еді. Мамандар биыл да солай болуы мүмкін дейді. Өткен ай адамзат тарихындағы ең ыстық мамыр болды. 2015 жылы 194 мемлекет өкілі Париж келісіміне қол қойған. Онда орташа температураны индустрияландыру дәуіріне дейінгі көрсеткіштен 1,5 градустан артық асырмауға уағдаласқан еді. Бірақ мамандар қазіргі ахуалға қарап, алдағы 5 жылда көрсеткіштің белгіленген межеден асып кететінін айтады.

Дора Самбор, Венгриядан келген саяхатшы:

- Италия мен Венгрияның ауа райы ұқсас. Бірақ бізде былай ыстық емес. Суды көп ішіп, мынадай ми қайнатар ыстықтан барынша қорғануға тырысып жатырмыз.