Гренландия мұздықтарынан жаңа вирустар табылды
Бірақ ғалымдар: «қорқатын түк жоқ, керісінше, көлемі 2,5 микрометрге дейін жететін вирустар мұздықтардың еруін баяулатуға көмектесуі мүмкін», дейді.
Себебі мұзда микробалдырлар болады екен. Олар көктемде қара түске боялып, мұздықтардың күн сәулесімен шағылысып тез еруіне әкелетін көрінеді.
«Ал аталған вирустар осы балдырлармен қоректеніп, жаһандық жылынуды баяулатуы мүмкін», - дейді ғалымдар. Зерттеулер әлі жалғасып жатыр.