Мексикада қайтыс болған адамнан құс тұмауы расталмады

Мексикада науқас құс тұмауынан қайтыс болды деген ақпар шын болмай шықты, деп хабарлайды 24kz.

Марқұмның өліміне вирус емес, созылмалы сырқаты себеп болған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Кристиан Линдмайер мәлімдеді. Оның айтуынша, науқас соңғы бірнеше жыл созылмалы бүйрек, қант диабеті және артериялық гипертониямен ауырған. Бұған дейін Мексикада жергілікті БАҚ құс тұмауынан 59 жастағы ер адам қайтыс болғаны туралы хабарлаған еді.