Германияның оңтүстігіндегі тасқыннан 100 млн еуро шығын келді
Германияның оңтүстігінде алапат тасқын салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ал сақтандыру компаниялары шығын көлемін есептеуге кірісті. Алдын ала есептеулерге қарағанда ол 100 миллион еуро болады. Әсіресе, ауыл шаруашылығына көп залал келген. Астық, жүгері мен картоп алқаптары бүлінген. Табиғат апатынан 6 адам опат болды. Қазір су деңгейі төмендеген аудандарда тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ мамандар Баварияда тағы нөсер жаууы мүмкін деп ескертіп отыр.
Блиц 1:
- Мен Пассау қаласында тұратын туыстарым үшін қатты алаңдап отырмын. Синоптиктер түрлі болжамдар жасап жатыр. Су болса әлі қайтпай жатыр.
Блиц 2:
- 2013 жылы су деңгейі бұдан да жоғары болған. Биліктің сол тасқыннан сабақ алғаны көрініп тұр. Бұл жолы зор шығынды болдырмас үшін мамандар алдын ала қамданған.