Австрияда лай көшкіні жүрді

Австрия халқын кейінгі бірнеше жылда болмаған алапат су тасқыны әлекке салды.

Әсіресе елдің оңтүстік-шығысындағы ахуал қиын. Тасқыннан бөлек лай көшкіні де жүрген. Салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Көп аймақ жарықсыз отыр. Табиғат апаты Еуропарламент сайлауына кесірін тигізді. Өйткені сайлау бөлімшелерін су басқан аудандардан басқа жаққа ауыстыруға тура келді.