Ауғанстанда күн сайын 167 бала мен 24 ана өлімі тіркеледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері осындай, деп хабарлайды 24kz.

Оған тойып тамақ ішпеу және медициналық көмектің уақытылы көрсетілмеуі себеп. Бірақ жергілікті билік кейінгі жарты жылда 300 ана өлімі тіркелгенін айтып, ұйым келтірген мәліметпен келіспей отыр. Ал елдегі экономикалық жағдай мәз емес. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы қысқарып, былтыр 450-ге жуық аурухана жабылған. Ол 3 милллион адамға кесірін тигізді. Бұдан бөлек, мұнда полиомиелит өршіп тұр. Ол аздай біраз өңірді қуаңшылық жайлап, су тасқыны мен жер сілкінісі де жиілеп кеткен. Соның кесірінен гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдар саны күрт артқан. Қазір 42 миллион тұрғынның 16 миллионы тойып тамақ ішпейді.