БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газаға қатысты қарарын қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газа Секторына қатысты ұсынған қарарын қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Органға мүше 15 елдің 14-і құжатты құптап дауыс берді. Ресей қалыс қалды. АҚШ делегациясы Біріккен ұлттар ұйымына Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы қарардың жаңа нұсқасын ұсынған еді. Онда атысты біржола тоқтату, әскерді анклавтан шығару, кепілдегі адамдарды босату және Газа секторын қалпына келтіру жайы қарастырылған. Сондай-ақ бұған дейін Байден ұсынған жобада көзделген аймақ аумағы мен халық құрамын өзгерту және буферлі аудан құру мәселелеріне Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған еді. Енді соңғы нұсқада буферлі аймақ құруға келісім берді. Тараптар алты апта ішінде бітімге келуі керек. Қазір осы мәселелер жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.