Малави вице-президенті әуе апатынан қаза тапты

Малави вице-президенті мінген ұшақ апатқа ұшырады.

Ел билігі әуе кемесінде болған 10 шенеунік көз жұмды деп хабарлады. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша құтқарушылар құлаған ұшақтың бөлшектерін Малавидің солтүстігіндегі орманнан тапқан. Естеріңізге сала кетейік, ұшақ ел астанасынан шығып, Мзузу қаласына бара жатқан. Қолайсыз күн райына байланысты әуежайға қона алмай, кейін радардан жоғалып кетті.