БРИКС ұйымының атауы өзгермейді
«БРИКС»-қа жаңадан мүше болған Иран, Біріккен Араб Әмірліктері мен Эфиопия елдері БРИКС атауын өзгерссіз қалдыруға келісті.
О баста, Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка мемлекеттері құрған одаққа мүше болғысы келетіндер қатары соңғы жылдары көбейіп отыр. Блоктың көздегені экономикалық байланыстарды дамытып, жаңа мүмкіндіктер ашу. Бұл күндері Ресейдің Нижний Новгород қаласында ұйымның сыртқы істер министрлері бас қосты. Жиынға Қазақстанның бас елшісі Мұрат Нұртілеу де қатысып, әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді.
БРИКС бұл ұйымның негізін қалаушы - Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінің алғашқы әріптерінен құралған атау. Ресейдегі сыртқы істер министрлерінің кездесуі тікұшақ апатында қаза тапқан Иран президенті мен сыртқы істер министрін бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Иран, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері мен Эфиопия жыл басында БРИКС-ке мүше болды. Сонымен қатар олар ұйымның атын өзгертпеуге келісті.
Басқосу аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі дамытуды, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, дипломаттар ең жоғары деңгейдегі Қазақстан-ресей бірлескен іс-шаралар кестесін пысықтады. Мұрат Нуртлеу Иранның сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Багеримен және Түркия, Шри-Ланкалық әріптестерімен де кездесті.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі:
- Өткен жылы БРИКС мүшелерімен біздің тауар айналымымыз екі есеге өсіп, 70 млрд АҚШ долларынан асты. Біз цифрлық технологиялар, маңызды пайдалы қазбалар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, инвестициялық жобалар және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниеттіміз.
Дана Нұржан, тілші:
- Еділ бойында орналасқан Нижний Новгород қаласындағы сыртқы істер министрлері кездесуінің басты тақырыбы — «Әділ жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпвекторлық саясатты нығайту». Тараптар жаһандық қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық байланыстар бойынша ынтымақтасу жолдарын талқылады. Кездесу БРИКСтің биылғы басты шарасы – қауымдастық басшыларының 16-шы саммиті алдында ұйымдастырылып отыр. Ал президенттер қатысатын саммит қазан айында Ресейдің Қазан қаласында өтеді.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров