Грекияда ыстыққа байланысты мектептер жабылды
Грекияда күн қатты ысып кетті. Кейбір өңірде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды 24.kz.
Сондықтан мектептер жабылып, мемлекеттік қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге кеңес берілді. Әдетте Грекияда мұндай температура шілде мен тамызда тіркелетін. Мамандар бұл маусым үшін аномальды жағдай екенін айтады. Қазір Азияда да күн шыжып тұр. Бейжіңде аптап ыстыққа байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.
YOUTUBE.COM/FRANCE 24