Бельгия мен Францияда студенттерге қандай жағдай жасалған?

Сонымен Бельгияда студенттік жатақханалардың ай сайынғы төлемақысы бөлменің ауданы мен класына қарай 700-ден 1000 еуроға дейін жетеді.

Төл валютамызға шаққанда 340– 500 мың теңге шамасында. Бұл сомаға коммуналдық қызмет құны да кіреді. Асүйі ортақ жатақхана бөлмелерінің ауданы шамамен 12-22 шаршы метр болады. Әлеуметтік аз қамтылған бельгиялық студенттерге 400 еуро көлемінде жеңілдік қарастырылған. Бұл 190 мың теңге шамасында. Алайда ол үшін студент ата-анасының жұмыс орнынан тиісті құжаттарды көрсетуі тиіс.

Бельгиядағы студенттік жатақхананың төлемақасы

Ай сайынғы құны:

€700 – €1000  (₸340 000 – ₸500 000)

Бөлме ауданы:

12 м2 – 22 м2

Әлеуметтік аз қамтылған студенттерге жеңілдік:

€400 (₸190  000)

 

Ал Францияда жатақханалардағы бөлме бағасы нысанның қай қалада орналасқанына байланысты өзгеріп отырады. Орта есеппен 200-ден 500 еуроға дейін жетеді. Теңгеге шаққанда 97-240 мың болады. Жатақханалардағы орын жетіспеушілігі салдарынан шәкіртақы алатын студенттерге басымдық беріледі. Ал қалғандары жеке пәтер жалдауға мәжбүр. Франция заңы бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттер пәтер жалдау кезінде әлеуметтік көмекке жүгінуіне болады. Әр студентке айына 100-150 еуро көлемінде жәрдемақы беріледі.

Франциядағы студенттік жатақхананың төлемақысы

Ай сайынғы құны:

€200 – €500 (₸97 000 – ₸240 000)

Әлеуметтік аз қамтылған студенттерге пәтер жалдауға жеңілдік:

€100 – €150 (₸50  000 – ₸72  000)