Пәкістанда жоғалып кеткен альпинистің мүрдесі табылды
Пәкістанда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен альпинистің мүрдесі табылды, деп хабарлайды 24kz.
Марқұм Жапония азаматы екені анықталды. Бұл ақпарды Исламабадтағы Жапония елшілігі растады. Ол елдің солтүстігіндегі ең биік таулардың бірін бағындыру кезінде қаза тапқан. Қазір құтқарушылар із-түзсіз кеткен тағы бір альпинистті іздестіріп жатыр. Пәкістанда жыл сайын бірнеше спортшы әлемде биіктігі жағынан екінші К2 тау шыңын бағындыру жолында қаза табады.