НАТО технологиялық компанияларға бір миллиард еуро бөлді

Қаржы микросхема, робот, жасанды интеллект және ғарыш технологияларымен айналысатын Еуропадағы төрт компанияға беріледі.

Солтүстік Атлантикалық Альянс осыдан екі жыл бұрын инновациялық қор құрған болатын. Ақша соның аясында бөлінген. Бұл қорғанысты күшейту үшін жасалып отыр. Арнайы құрылған қорды ұйымға мүше 32 елдің 24-і қолдаған. АҚШ, Канада мен Франция секілді мемлекеттер қарсы болған.