ЮНИСЕФ: Лас ауа - бала денсаулығына қауіпті
Лас ауамен тыныстау әлемдегі бала өліміне себепші негізгі факторлардың бірі.
Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің жаңа баяндамасында айтылды. Сапасыз ауа салдарынан 2021 жылы 700 мың бала көз жұмған. Қазірде миллиондаған тұрғын созылмалы ауруларға шалдыққан. «Бұл денсаулық сақтау жүйелеріне, экономикаға және қоғамға үлкен ауыртпалық түсіреді», - дейді ұйым сарапшылары. Сондай-ақ кейінгі жылдары нәресте өлімінің көбеюімен де байланыстырады. Мәселен, күн сайын әлемде 7 мың жаңа туған сәби көз жұмады.