Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар таза ауамен тыныстайды

Париждегі Олимпиада қалашығындағы спортшылар таза ауадан таршылық көрмейді.

Орталық алаңға лас микроқалдықтарды аулайтын құрылғылар орнатылмақ. Бұл тәжірибе бастауыш мектепте сынақтап өтіп, өз тиімділігін дәлелдеді.

Мына мектептің ауласын Париждегі ауасы ең таза орын деп мақтауға болады. Мұндай 1 жыл бойы жаңа технология сынақтан сәтті өткізілді. Негізі бұл жоба коронавирус індеті кезінде пайда болған. Заманауи құрылғының электрлік сүзгісі шаң-тозаң, газ бен микробты жұтып алады. 

Дельфин Бюркли, Париждің 9-округ мэрі:

"Тәжірибе күн райының бүкіл жағдайында жүргізілді. Түрлі метеоқұбылыстар мен ластанудың ықпал-әсері бағаланды. Бұл әлемдік деңгейдегі жаңалық."

Парижде жылдың 3 айында ауаның ластану деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан асып кетеді. Ал мектеп ауласындағы жағдай 30 пайызға жақсарған. 

Жером Джиакомони, компания өкілі:

"Біздің құрылғы орнатылғалы мектеп директоры да, оқушыларды демікпеге қарсы дәріні біржола ұмытқанын айтады. Балалар ауасы тазарған аулада емін-еркін ойнап жүр. Біз мұндай нәтижені мақтан тұтамыз."

Енді бұл технология Олимпиада қалашығына орнатылмақ. Одан кейін метро станциясына бекітіледі. Бірақ құрылғының бағасы әзірге қымбат. Десе де, жоба авторлары оның өзіндік құнын арзандату жағын ойластырып жатыр.

Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан