Грекияда орман өртінен ер адам көз жұмды

Грекияның оңтүстігінде орман өрті басылар емес, деп хабарлайды 24kz.

Пелопоннес түбегіндегі Илия аймағында табиғи апат салдарынан 55 жастағы ер адам көз жұмды. Тілсіз жаумен қазір 120-ға жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. Билік табиғи апат аумағындағы бірнеше ауылдың тұрғындарына шұғыл қауіпсіз жаққа көшу туралы пәрмен берген. «Отты өшіруге аптап ыстық, құрғақшылық пен күшті жел кедергі», - дейді мамандар.

Теодорос Барис, Эримантос мэрі:

- Өртті сөндіруге күн райы қолайсыз болып тұр. Жұмыс істеу өте қиын. Бірнеше үй мен қора отқа оранып, мал қырылды. Материалдық шығын бастан асады.