Грекиядағы өртке Қазақстан азаматтарының қатысы жоқ
Грекияда аралдың өртенуіне Қазақстан азаматтарының қатысы жоқ боп шықты.
Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында "Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді" деген ақпарат тараған еді. Аталған жайтқа байланысты Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беріп, Қазақстан консулының Грекия билігіне хабарласқанын мәлімдеді.
Полицияның ақпаратына сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған.