Ұлыбританияда науқасқа эпилепсияға қарсы құрылғы орнатты

Ұлыбританияда науқасқа эпилепсияға қарсы құрылғы орнатты

Британиялық дәрігерлер әлемде алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқастың бас сүйегіне жаңа құрылғы орнатты.

Нейростимулятор 12 жастағы жеткіншектің бас сүйегіне қойылды. Ол миға электр сигналын жіберіп, бас құрысуын бақылайды. Эпилепсия шабуылын туғызатын ұстамаларды азайтуға көмектеседі. Күрделі ота былтыр Лондондағы Грейт-Ормонд-Стрит ауруханасында жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, технология орнатылғалы құрысу 80%-ға дейін төмендеген. Қазір науқас мамандардың бақылауында.