Түркияда орман өрті жиіледі
Маусымның 1 мен 21 аралығында 400-ге жуық орман өрті тіркеліп, жалыннан 2,5 мың гектар алқап күлге айналды.
Бірер күн бұрын Диярбакыр мен Мардин арасында шыққан өрттен 15 адам қаза тапты. Шамамен 15 мың гектар жер өртеніп, жүздеген аң қырылды. Алдын ала тергеуге қарағанда өрт электр желісінен шыққан болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, орман өртінің жиілеуін ауа райының күрт ысуынан болған. Жағдайға байланысты жергілікті Орман басқармасы тұрғындарға нулы алқаптарға қазан айына дейін кіруіне тыйым салды. Сонымен бірге өрт ошағын ерте анықтау үшін әскери дрондарды пайдалануға көшті.