Пәкістанда ыстықтан 568 адам көз жұмды
Пәкістанда кейінгі бір аптада аптап ыстықтан 600-дей адам қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы мыңға жуығы ауруханаға түскен. Көбі елдің ең ірі қаласы – Карачидің кедей аудандарының тұрғындары. Кейінгі күндері мұнда температура 40 градустан төмен түспей тұр. Бірақ өңірде ылғалдылық жоғары. Оның үстіне жел жоқ. Сондықтан ауа температурасы 49-50 градустай сезіліп жатыр. Мамандар келесі аптаға дейін осылай ыстық болатынын ескертеді. Мұндай жағдайға электр желілері шыдас бермей, жарықты сөндіру оқиғалары жиілеп кеткен. Содан тұрғындар кондиционерлерді қолдана алмай әлек.