АҚШ-та аптап ыстық 40 градусқа жетті

Еуропаның көп аймағында аптаптың беті қайтар емес.

Грекияда термометр бағаны кей жерлерде 44 градусқа дейін жетіп, ыстыққа төтеп беру мүмкін болмай тұр. Бірнеше аптадан бері жалғасып жатқан аптаптың кесірінен Афинадағы Акрополь келушілер үшін әлі жабық тұр. Кей жерлерде жұрт ми қайнатар ыстыққа төтеп бере алмай есінен танып жатыр. Билік ел аумағындағы туристерге шұғыл іздеу жариялады. 

Спирос Аргирос, Матракион аралы мэрінің орынбасары:

Мұндай ыстықта әсіресе, қарт кісілерде жүрек талмасы мен жоғары қан қысымы қаупі өте жоғары. Бұл санатқа тағы жүкті әйелдер мен балалар да жатады. Сол себепті ыстықтың беті қайтқан соң сағат 5-тен кейін ғана тысқа шығуға кеңес береміз.

Сербия

Отводка. Черногория мен Сербияда да ми қайнатар ыстық тіркелді. Төтенше жағдай қызметіне жүгінуші жергілікті тұрғындардың қатары артқан. Бір түнде жүрек талмасы мен жоғары қан қысымына шағымданушылардан жүздеген қоңырау түсіп, жедел жәрдем мамандарының жұмысы қыза түсті. Билік елде қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа температурасы 40 градусқа дейін жоғарылайтынын ескертіп отыр.

Ауа температурасы 40 градусқа жетті

АҚШ

70 млн тұрғыны бар АҚШ-тың кей аймақтарында да ыстық басылар емес. Шығыс жағалауда бұрын-соңды болмаған 40 градустық аптап тіркеліп, соңғы онжылдықта үлкен рекорд орнатты. Нью-Йорк билігінің мәліметінше, аптаптан зардап шеккен тұрғындардың үлесі 500%-ға жеткен. Қазір шаһардағы кітапхана, қарттар үйі сияқты әлеуметтік мекемелерде салқындатқыш орындар жұмыс істеп тұр.  

Отводка. Теннесси штатындағы Несвил қалашығында қоғаммен байланыс мекемесі егде кісілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, науқас адамдарға тегін желдеткіш таратып жүр. Олардың сөзінше, тұрғындар арасында былтырға қарағанда кондиционерге сұраныс екі есе артқан.

Марвин Кокс, жергілікті қоғаммен байланыс мекемесінің директоры

«Тұрғындарға салқындату бағдарламасы аясында желдеткіш таратып жатырмыз. Соңғы екі күнде 20-дан астам отбасыны қамтамасыз еттік. Әлі де жалғастырамыз. Өйткені мынадай ыстықта желдеткішсіз өте қиын. Температура 36 градустан асып кетті».

Пәкістанда сынап бағанасы 48 градусқа жетіп, тұрғындардың денсаулығы сыр беріп жатыр. Жағдай әсіресе, Карачи қаласында қиын. Кейінгі бірнеше күнде 300-ге жуық адам ауруханаға түскен. Әсіресе, күндізгі 11 мен 4-тің арасында шыжыған күн астында жүргендер қатты зардап шеккен. Араларында көз жұмғандар да бар. Тұрғындар ыстықтан қорғанудың түрлі айла-тәсілін тауып, амалдауда. Өйткені дүкен сөрелерінде желдеткіш бағасы аспандап кеткен. Метеорологтардың айтуынша, Карачидегі ыстық келесі аптаға дейін басылмайды. 1-шілдеден бастап елде муссондық жаңбыр маусымы күтілуде. 

Сардар Сарфараз, Пәкістан метереологиялық департаментінің бас метереологы:

"Көмірқышқыл газы азайған кезде ғана біз температураның өсуін бақылай аламыз. Ыстықтан қорғанудың бірден бір жолы – үлкен алқаптар. Жасыл желекті көбейту керек. Тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Ашық аспан астында көп жүрмеуге кеңес береміз ".