Иранда кезектен тыс президент сайлауы өтті

Учаскелерінің жұмыс уақытын созуға тура келді, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені дауыс берушілер көп болған. Күн қатты ыстық болғасын жұрт тек кешке таман ғана келе бастаған. Қазір дауыстар саналып жатыр. Ресми нәтижелер 2 күннен кейін жария етілуі тиіс. Негізі президенттікке 4 үміткер таласқан. Бұл – Парламент төрағасы, Иранның жоғарғы жетекшісі жанындағы кеңесші орган мүшесі, бұрынғы Әділет министрі мен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі.

Егер осы үкімкерлердің ешбірі 50%-тік межеден аса алмаса, келесі жұмаға сайлаудың екінші кезеңі белгіленеді. Ислам Республикасында кезектен тыс сайлау өткізуге президенттің қазасы себеп болды. Өткен айда Ибрахим Раиси әуе апатынан көз жұмған еді.