Эверест шыңы қоқысқа толған

Әлемге ең биік Эверест шыңы қоқысқа толып барады.

70 жыл ішінде тау басында 50 тоннадай қалдық жиналған. Басым бөлігі оттегі баллондары, сынған сатылар, пластик ыдыстар мен шатырлар. Қоқысты жинап, тауды тазарту үшін бірнеше жыл кетеді, дейді мамандар. Бүгінге дейін, Эверест айналасынан 11 тонна қоқыс жиналып, төмен түсірілген.