Иранда президент сайлауында Масуд Пезешкиан жеңіске жетті

Иранда президенттік сайлаудың екінші кезеңінде Масуд Пезешкиан жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.

Оған 16 миллионнан астам адам дауыс берсе, екінші үміткер Саид Джалилиді 13,5 миллион сайлаушы қолдаған. Ұлттық сайлау штабы келтірген мәлімет бойынша саяси науқанға 30 миллионнан астам азамат қатысқан.

Айта кетейік, Масуд Пезешкиан реформист саясаткер саналады. 2001-2005 жылдары аралығы Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. 2012 және 2021 жылы президенттік сайлауға кандидат болды.