Израильде белсенділер үкіметтің кетуін талап етіп жатыр
Израиль астанасында халық билікке қарсы бас көтеріп, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды 24kz.
Ереуілшілер қазіргі үкіметтің кетуін және кепілге алынған тұтқындарды алмасуды талап етіп жатыр. Олар жолдарды жауып, от қойды. Полиция шерушілерді тарату үшін атты әскер шығарып, нөпірі қатты мұздай су шашқан. Бірақ белсенділер наразылық шарасын 1 апта бойы тоқтатпаймыз деп отыр.