Сулавеси аралында лай көшкінінен 12 адам қаза тапты

Индонезияның Сулавеси аралында лай көшкінінен 12 адам ажал құшты.

Тағы 18-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Лай-батпақ пен су тасқыны заңсыз жұмыс істеген алтын кен орны мен кеншілер тұратын кенттегі тұрғын үйлерді қиратты. Бұдан бөлек, көпірге де зақым келді. Кәсіпорын қауіпсіздік техникаларын сақтамаған. Билік көмек ретінде аймаққа арнаулы тікұшақ жіберді.