Бангладеште студенттердің полициямен қақтығысуынан бес адам көз жұмды

Бангладеште студенттердің шеруі кезінде полициямен қақтығыс болып, 5 адам қаза тапты.

Тағы 100-ден астам кісі жараланды. Жастардың көшеге шығуына 1971 жылы тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың туыстарын жұмысқа орналастыру жеңілдігін қалыпқа келтіруі түрткі болды. Шерушілер бұл қазір билік басындағы саяси топтардың жақындары үшін жасалып отыр деп айыптауда. Сот қаулыны 1 айға тоқтатқанымен толқулар басылар емес. Керісінше ушыға түскен. Бірақ осыған қарамастан Премьер-министр Шейх Хасина студенттердің талабын орындаудан бас тартты.