Парижде әскери лагерь ашылды
Парижде екі ай ішінде әскери лагерь салынды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл лагерьге 4500 сарбаз орналасады. Сақшылар Олимпиада ойындары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Лагерь жарыс нысандарынан 30 минуттық жерде орналасқан. Ұйымдастырушылар дүбірлі дода кезінде қауіпсіздік басты назарда болатынын айтады. Ойындардың ашылу салтанатын 63 мың әскери пен полицей қас қақпай күзетіп тұрмақ.