Кореяда орман өрті азайды

Оңтүстік Кореяда биыл орман өрті 80% азайды.

Ал өрттен зардап шеккен аумақ 100 пайызға жуық  қысқарды. Билік бұл жетістікті жаңа технологияларды қолданумен байланыстырады.

Оңтүстік Корея орман өртімен күрес тәсілдерін жетілдірді

Канвон провинциясы

Владислав Цой, тілші: 

- Биыл Оңтүстік Кореяның ормандарында 1 ақпан мен 15 мамыр аралығында 175 өрт шығып, 58 гектар жер жанып кеткен. Бірақ бұл 2023 жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 81 пайызға аз. Корей орман қызметі мұндай нәтижеге алқаптарды бақылауға тұрғындардың белсенді атсалысуы және жаңа технологияларды енгізудің арасында қол жеткізгенін айтады. Мекеме өкілдерінің сөзінше қазір ормандағы өртті анықтау үшін бүкіл ел аумағында 7500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Ал алқаптарда өрт шыға қалған жағдайда оны ауыздықтауға тек өрт сөндірушілер ғана емес, орман қызметі мен еріктілер де жұмылдырылады. 

Ким Гван Сон, Оңтүстік Кореяның өрттерді зерттеу қауымдастығының президенті:

- Өрт шықса адамдар біріккен құтқару қызметіне хабарлай алады. Содан кейін ондағы операторлар қоңырауды тиісті мекемелерге бағыттайды. Ол жалынның таралу аумағына қарай Орман немесе Өртке қарсы қызметке жіберіледі. Егер өрт көп жерге жайылып кетсе оны сөндіруге орман шаруашылығы, өртке қарсы қызмет, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер: барлығы жұмылдырылады. Ал бақылау Орман қызметіне жүктеледі.

2022 жылдан бастап Оңтүстік Кореяның орман қызметінде 2 топ құрылды. Оның біріншісі ұшқышсыз аппараттар арқылы жалынды сөндіретін топ деп бектілсе, екіншісіне дрондармен ормандарды күндіз-түні бақылау міндеті жүктелген. 

Владислав Цой, тілші:

- Туристерді де камералар бақылайды. Егер олар орман алқабынан 100 метрдей жерде от жақса немесе темекі тартса 1 миллион вонға дейін немесе 340 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Ал көктемде адамдарға ормандарға кіруге мүлдем тыйым салынады. Өйткені бұл кезең Кореяда ең қауіпті мезгіл саналады. 

Владислав Цой, Ольга Лян